
Аса қауіпті, карантиндік инфекциялар және туберкулез бойынша профилактикалық іс-шараларды күшейту мақсатында, Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасының автомобиль өткізу пунктінде аумақтық басқармалардың мамандары Павлодар облысы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері үшін семинар, жаттығу сабақтарын өткізеді.
Семинар барысында тыңдаушыларға обаға қарсы костюм кию және алу тәртібін көрсете отырып, құтыру, маймыл шешегі, сібір жарасы, туляремия, Денге безгегі, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы және т.б. сияқты аурулар туралы, сондай-ақ «хабарлау схемасы» бойынша ақпарат беру туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, аса қауіпті, карантиндік инфекциялар мен туберкулездің таралуының алдын алу және ескерту бойынша жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/970192?lang=kk

Жауап қалдыру