ӨҢІР МЕН ОРТАЛЫҚ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ӨҢІР МЕН ОРТАЛЫҚ АРАСЫНДА БАЙЛАНЫС
🏛️Бүгін біз әріптестерімізбен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысына қатысып отырмыз. Бұл маңызды жиын өңірлер мен орталық арасындағы байланысты нығайтуға, жергілікті басқару жүйесін жетілдіруге және аймақтардағы өзекті мәселелерді тиімді шешу жолдарын қарастыруға бағытталған.
🔹Отырысты Сенат Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшимбаев ашып, Қазақстандағы өкілді билік органдарының рөлі мен маңыздылығы туралы сөз сөйледі. Пленарлық мәжілісті жүргізген ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Жақып Қажыманұлы Асанов өз баяндамасында жергілікті өкілді органдардың қызметін жетілдіру, өңірлердегі мәселелерді шешуде мәслихаттардың рөлін арттыру, билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту жөнінде ой қозғады.
🔹Кеңейтілген отырыста еліміздің түкпір-түкпірінен келген мәслихат төрағалары мен депутаттары өңірлердегі тәжірибелерімен бөлісіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, бюджеттік саясатты тиімді жүзеге асыру, халықтың талап-тілектерін ескеретін заңнамалық өзгерістер енгізу мәселелері қозғалды.
🔹Мәслихаттардың жергілікті деңгейдегі басқару құрылымындағы маңызы зор. Олар өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, халықтың мүдделерін қорғау мен іске асыруда шешуші рөл атқарады. Сондықтан орталық пен өңірлер арасындағы қарым-қатынасты одан әрі күшейтіп, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру – басты міндеттердің бірі.
🔹Бұл кездесудің нәтижесі ретінде биліктің заң шығарушы тармағы мен жергілікті өкілді органдар арасындағы байланысты жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр. Жиында көтерілген мәселелер, айтылған ұсыныстар алдағы уақытта өңірлік дамуға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
🔹Осындай мазмұнды кездесулер тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді ортаға салып, бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Қазақстанның әр аймағындағы мәслихат өкілдері бүгінгі жиын аясында жаңа идеялармен бөлісіп, өңірлік саясатты жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуде. Бұл өз кезегінде жергілікті билік пен орталық биліктің өзара байланысын нығайтып, халық игілігі үшін тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ететін маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/970194?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді