Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясына барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Могилев облысы, 2025 жылғы 4 сәуір – Қазақстанның Беларусьтегі Елшісі Тимур Жақсылықов Могилев облысының Горки қаласында орналасқан Беларусь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясында (БМАША) – ТМД және Еуропа елдері арасындағы агроөнеркәсіптік бағыттағы ең көне ірі жоғары оқу орнында болды.

ЖОО ректоры Виталий Великановпен кездесуде Қазақстан мен Беларусьтің ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығының, аграрлық білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы тәжірибе алмасудың, қазақстандық мамандар академиясында тағылымдамалар мен оқыту мүмкіндігін қоса алғанда, өзекті мәселелері, сондай-ақ АӨК саласындағы бірлескен жобалар мен бағдарламалар талқыланды.

Т.Жақсылықов ЖОО-ның материалдық-техникалық базасымен танысты, қызметкерлер және студенттермен кездесті, академияның заманауи зертханаларына барды.

Сонымен қатар, Беларусь Республикасының Қазақстан Республикасындағы бірінші Төтенше және Өкілетті Елшісі, БМАША профессоры Лариса Пакушқа салтанатты түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне белсенді қатысқаны үшін «Алғыс» төсбелгісі табыс етілді.

Сол күні Могилев қаласында Т.Жақсылықов 1941-1945 жылдары қаза тапқан жауынгерлердің мемориалына және 1944 жылы Беларусьті неміс-фашистік басқыншылардан азат ету үшін шайқаста қаза тапқан қазақстандық жауынгер – Кеңес Одағының Батыры Василий Панковтың қабіріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Қала мен облыс басшылығының қатысуымен өткен салтанатта Елші Беларусь сияқты Қазақстан да сол ұлы соғысты еске алатынын атап өтті: «Бұл соғыс фашистік агрессияға, шетелдік құлдыққа қарсы жүргізілгендіктен әділ болғаны есімізде. Ол қасиетті болды, өйткені ол адамзатқа қарсы идеологияға қарсы күресті».

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-minsk/press/news/details/970352?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді