
Қаланы таза ұстау, өңірдің санитарлық және экологиялық ахуалын жақсарту — «Таза Қазақстан» акциясы аясында полиция қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. Учаскелік инспекторлар халықпен кездесулерде және аулаларды аралау барысында тұрғындарға заң талаптарын тұрақты түрде түсіндіреді. Соның ішінде ірі көлемді қоқысты бей-берекет тастауға тыйым салынғаны ерекше атап өтіледі. Мұндай қалдықтарды шығару — тұрғындардың өз міндеті.
Жуырда полицейлер кәсіпкер әйелді жауапкершілікке тартты — ол жұмысшыларына ескі сауда сөресін қоқыс контейнерлерінің жанына қалдыруды тапсырған. Сондай-ақ тағы екі тұрғын корпус жиһазының бір бөлігін сыртқа шығарып тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтауға учаскелік полиция пункттеріне қосылған бейнебақылау камералары және құқықбұзушылықтарды бейнежазбаға түсіретін көпқабатты үйлердің тұрғындары көмектесуде.
Жыл басынан бері Петропавл қаласында абаттандыру қағидаларын бұзудың 1288 фактісі анықталды. Облыс көлемінде тек соңғы аптада 429 құқықбұзушылық және ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 15 дерегі тіркелді.
Полиция қызметкерлері мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында белсенді жұмыс жүргізуде. Қаңтар айынан бері облыс орталығында 46 кездесу өткізілді, олардың әрқайсысында ірі көлемді қоқыс мәселесі көтеріліп, жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары WhatsApp мессенджеріндегі үй чаттары арқылы жадынамалар таратып, кәсіпорындар мен ұйымдарға заң талаптарын түсіндіруде.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1184581?lang=kk

Жауап қалдыру