ҰЛТТЫҚ КИІМ КИЮ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҰЛЫҚТАУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында елімізде Ұлттық киім күні кең көлемде аталып өтуде. Бұл мереке – халқымыздың бай мәдени мұрасын, салт-дәстүрін және ұлттық болмысын насихаттауға бағытталған ерекше күн.
Ұлттық киім – ұлт тарихының, дүниетанымы мен рухани құндылықтарының айқын көрінісі. Әрбір ою-өрнек, әрбір нақыш ата-бабаларымыздың өмір салты мен таным-түсінігінен сыр шертеді. Сондықтан, ұлттық киімді дәріптеу – өткенімізді құрметтеп, болашақ ұрпаққа аманат ету жолындағы маңызды қадам.
Осы мерекеге орай аудан көлемінде бірқатар тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде аудан әкімі Бақыт Асанов бастамасымен мемлекеттік қызметшілер ұлттық киім киіп, жұмыс орындарына келді. Бұл бастама – ұлттық құндылықтарға деген ерекше құрметтің, сондай-ақ төл мәдениетімізді жаңғыртуға деген нақты қадамның көрінісі.
Іс-шара барысында аудан әкімі Бақыт Асанов тұрғындарды Ұлттық киім күнімен құттықтап, бұл мерекенің маңыздылығына ерекше тоқталды. Ол өз сөзінде ұлттық киімнің тек сән үлгісі ғана емес, халқымыздың рухани коды екенін атап өтті. Сондай-ақ, мұндай игі шаралар жастардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, отансүйгіштік рухын нығайтатынын жеткізді.
Ұлттық киім күні аясындағы бұл бастама аудан тұрғындары тарапынан да кең қолдау тапты. Көпшілік ұлттық нақыштағы киімдерді киіп, мерекелік көңіл-күйді бөлісті. Бұл өз кезегінде қоғамда ұлттық бірегейлікті сақтау мен дамытуға серпін берді.
Айта кетейік, ұлттық киім – өткен мен бүгінді жалғап, болашаққа жол сілтейтін асыл мұра. Сондықтан, оны ұлықтау – әрбір азаматтың парызы.

(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1184579?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді