Қазақстанның су және климаттық бастамалары «AgriBusiness Forum 2026» аясында Афинада таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Афина, 2026 жылғы 18 наурыз – Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин Афина қаласында өткен «Agri-Food Sector in the New Geopolitical Environment» атты Халықаралық агробизнес форумының жұмысына қатысты. Іс-шара геосаяси және климаттық тұрақсыздықтың күшеюі жағдайында агроазық-түлік жүйелерін трансформациялау мәселелеріне арналды, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі, орнықтылық және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды.

Форумға Грекиядан және басқа да елдерден мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, академиялық қауымдастықтың және бизнес өкілдері қатысты. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу контекстінде жеткізілімдерді әртараптандыру, инновацияларды енгізу және халықаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Форум барысында Елші азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті. Елеулі аграрлық әлеуетке ие және әлемдегі жетекші астық өндірушілердің бірі болып табылатын Қазақстан негізгі азық-түлік түрлері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етудің жоғары деңгейін сақтай отырып, халықаралық нарықтарға сенімді жеткізуші ретінде әрекет етеді.

Қазақстанның азық-түлік және су қауіпсіздігі салаларында кешенді халықаралық бастамаларды белсенді түрде ілгерілетіп отырғаны, бұл бағыттарды жаһандық орнықтылықтың өзара байланысты құрамдас бөліктері ретінде қарастыратыны атап өтілді. Осы тұрғыда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. Бұл бастама су ресурстарын басқару саласындағы жаһандық үйлестіруді күшейтуге, технологиялар алмасуға және су дағдарыстарының алдын алуға бағытталған бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған екені айтылды.

Сонымен қатар, Елші 2026 жылғы сәуірде Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысы туралы хабардар етті. Аталған саммит су қауіпсіздігі, климаттың өзгеруі, орнықты ауыл шаруашылығы және экожүйелерді қалпына келтіру мәселелерін талқылауға арналған маңызды алаңға айналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1184632?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді