Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры сахнасында «Алтын қақпа» комедиясы көрермен назарына ұсынылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 «Алтын қақпа» — көрші қонған қазақ пен өзбек отбасының тағдырын тоғыстырған, күлкі мен ойға толы комедия. Ұл мен қыздың адал сезімі екі елдің ынтымағын бекемдеп, құдалық пен тойға дайындық басталған сәтте күтпеген жағдай орын алады — екі үйдің арасынан алтын табылады.

Кенеттен келген байлық көршілік қарым-қатынасты сынаққа салып, адамдардың мінезін, ниетін, пенделік пиғылын әшкерелейді. Алтын үшін болған әбігер, тартыс пен күлкілі жағдайлар арқылы спектакль көрерменді еріксіз күлдіріп қана қоймай, адамгершілік, татулық пен ынтымақ жайлы ой тастайды.

«Алтын қақпа» — әзіл арқылы өмір шындығын ашатын, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын әсерлі сахналық туынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-madeniet/press/news/details/1184987?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді