
19 наурыз – Жаңару күніне орай Астана қаласы бойынша ҚАЖ Департаментінде ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Мереке аясында қызметкерлердің балалары үшін «Ашық есік күні» өткізіліп, жас буынға қызметтің қыр-сыры таныстырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға заманауи цифрлық даму бағытындағы жобалар таныстырылып, ситуациялық орталықтың жұмысы көрсетілді. Сонымен қатар, департамент музейіне экскурсия ұйымдастырылып, құқық қорғау саласының тарихы мен бүгінгі жетістіктері туралы кеңінен мәлімет берілді.
Балалар өз ата-аналарының қызметімен жақынырақ танысып, ішкі істер органдарындағы жауапты әрі маңызды жұмыстың мәнін түсінді. Мұндай шаралардың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, құқық қорғау қызметіне қызығушылығын арттыру және болашақта ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маман болуға ынталандыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1185064?lang=kk

Жауап қалдыру