
Ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында Астана қаласы бойынша ҚАЖД №64 мекемесінде Әз-Наурыз мерекесінің күнтізбелігі аясында рухани-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушыларға ұлттық тағамдар — бауырсақ пен шелпек таратылып, домбыраның сүйемелдеуімен қазақтың халық әндері шырқалды . Мерекелік атмосферада жиналғандар бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Ұйымдастырылған шара ұлттық мәдениетімізді дәріптеуге, рухани құндылықтарды жаңғыртуға және қоғамда бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталды .
Қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарқап, дәстүр сабақтастығын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisastana/press/news/details/1185063?lang=kk

Жауап қалдыру