
Қарағанды қаласында 20 наурыз күні «Наурыз керуені» аясында тұрғындар үшін арнайы мерекелік автобус жолға шығады. Бұл жолы сәнді безендірілген керуен Әлихан Бөкейхан ауданы арқылы өтіп, көктем мерекесінің ерекше көңіл-күйін сыйлайды.
Қарағандылықтарды жол бойы мазмұнды бағдарлама күтеді: жолаушыларға музыка, би және көтеріңкі мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Бағдарламаның көркі ретінде көпшілікке Дядя Карим атымен танымал әйгілі әнші Кәрім Асылбековтің өнер көрсетуі жоспарланған. Ол мерекелік автобус жолаушыларымен бірге жылы әрі есте қаларлық көңіл-күй қалыптастырады.

Автобус қозғалысын сағат 11:00-де ЖБИ мәдениет үйінен бастайды. Бағыт бойында келесі аялдамалар қарастырылған:
– «Молодёжный» мәдениет үйі;
– «Ёжик» сауда үйі;
– Мануильский көшесі;
– «Жастар» кафесі;
– Теміржолшылар мәдениет үйі;
– Майқұдық саябағы;
– Жаңа Майқұдық мәдениет үйі.

Мерекелік маршрут сағат 16:00-де аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1185080?lang=kk

Жауап қалдыру