Ақтауда «Берекелі Наурыз – мерекелік шеру» іс-шарасының өткізілу тәртібі жарияланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ұлт мәдениетін ұлықтаған шеру ұлттық киім мен дәстүрді дәріптеуге арналған. Шеруге ұлттық киім киген тұрғындар мен қонақтар қатыса алады.

📍 Шеру бағыты:
Басталуы: 14-шағын аудан, «Астана» сауда орталығы жанындағы теңіз жағалауы
Аяқталуы: 15-шағын аудан, «Айдын» мейрамханасы

Қатысушылар 10 адамнан бір қатар болып, иық тіресе орналасады;
Топтың алдында нұсқаушы жүреді;
Қозғалыс нұсқаушының белгісі бойынша жүзеге асады.

🟢 Жасыл жалау — қатарды сақтап, жылдам қозғалу;
🟡 Сары жалау — қатарды сақтап, баяу жүру;
🔴 Қызыл жалау — тоқтау және ұлттық киімді көрсету.

Шеру бірнеше аялдамада тоқтайды. «Маңғыстау» телеарнасы тікелей эфир жүргізеді.

🗓️ Өтетін күні: 22 наурыз
🕘 Жиналу уақыты: 09:00
▶️ Басталу уақыты: 10:00
📍 Өтетін орны: Ақтау қаласы, теңіз жағалауы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1185402?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді