
Безгек ауруы – ауру адамнан сау адамға масалардың шағуы арқылы берілетін трансмиссивті инфекция. Ол тропикалық климатты елдерде өте кең таралған. Безгек ауруы өте ауыр түрде өтеді. Оның негізгі клиникалық белгілері: дене еттерінің ауырсынуы, бас ауруынан басталады. Дене қызуы түскен кезде денені тер басып, жалпы әлсіздік пайда болады. Дұрыс және уақытында ем қабылдамаса қан аздық, кейбір кезде өлімге әкеліп соғуы мүмкін. Егерде осы жоғарыда көрсетілген белгілер пайда болса, жедел түрде жергілікті жердегі медициналық мекемеге қаралып, медициналық көмек алуы қажет. Безгек ауруымен ауырғандарды дер кезінде анықтау ғана іңдеттің таралуына жол бермейді. Безгек ауруы бойынша қолайсыз тропикалық шет аймақтарға туристік сапармен баратындар туристік агенттіктерде аурудың алдын алу туралы нұсқамалармен танысуы керек. Барған жерде елшіліктің дәрігеріне қаралып, алдын алу мақсатында безгек ауруына қарсы қандай дәрі және қандай мөлшерде қолдану керек екенін білуі тиіс. Елге оралғанда жергілікті медицина мекемесінің дәрігеріне хабар беріп, 2 жылдай есепте тұру қажет. Безгекті тасымалдаушы масалар өте жай ағатын, батпақты су қоймаларында, сазды жерлерде мекендейді. Олар күн ұясына кірген кезде және ерте таңертеңгі мезгілде адамдарға шабуылға шығады. Тұрғын үйлерге масалар кіріп кетпеуі үшін терезелер мен есіктерге торлар немесе дәкелер ұстайды. Масалар тұрғын үйлерге кіріп кеткен жағдайда, инсектицидты аэрозольдардың көмегімен жояды. Олардың шағуынан қорғану үшін ұйықтаған кезде инсектицидтер иісі сіңірілген төсеніштер қолданылады. Сонымен қатар, теріге және киімдерге шашатын аэрозоль және иіс майлар түріндегі репелленттерді (жәндіктерді үркітуге арналған құралдар) қолдану керек. Алматы қаласында жергілікті безгек ауруының қозуына қолайлы, безгек масалардың дамуына табиғи-климаттық жағдайы бар 2-су қойма Алатау ауданында орналасқан, жалпы аудан көлемі-4,3 га., анофелогенді аумағы-2,2 га. Анофелогенді аумақтар Алматы қаласында жергілікті безгек ошағының тіркелуіне әкеліп соғуы мүмкін. Алматы қаласында жыл сайын безгек масасының санын жою мақсатында, жоспарлы түрде анофелогенді су қоймаларында маса құртына қарсы 6-реттік (6-тур) безгек масаларына қарсы дезинсекциялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Безгек масаларының фенологиясы Алматы қаласы бойынша температурлық кестеге сәйкес жүргізіледі. Алатау ауданында және Алматы қаласы бойынша безгек ауруларының тіркелу жағдайларын алдын алу мақсатында СЭББ маманымен безгек масалары мен құртына фенологиялық қадағалау жұмыстары жүргізіледі. Бақылауға Қарасу ықшам ауданында орналасқан №2 су қоймасы және 3 үй жайлары алынған (3-мал қора, 3-шаруашылық, 3-тұрғын үй), безгекті масаларға маусымдағы белсенділігіне байланысты, яғни сәуір айынан – қазан айына дейін бақылау жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-alatau/press/news/details/1185401?lang=kk

Жауап қалдыру