
Мемлекеттік қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаев Атырау облысының тұрғындарымен онлайн-форматта кездесу өткізді.
Диалог барысында Комитет қызметінің негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндірілді, сондай-ақ мемлекеттік қазынашылық жүйесімен байланысты өзекті мәселелер жарияланды.
Облыс орталығының ғана емес, аудандар тұрғындарының өтініштеріне де ерекше назар аударылды. Барлық келіп түскен сұрақтарға толық және түсінікті жауаптар берілді.
Мұндай кездесулерді өткізу “Халық үніне құлақ асатын Үкімет” тұжырамдамасы бойынша мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың сенімін нығайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kazyna/press/news/details/1185460?lang=kk

Жауап қалдыру