Ораза айт құтты болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Алматы облысының тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді жүректерге нұр құятын, мейірім мен ізгіліктің шуағын шашқан қасиетті Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Ораза айт – бүкіл мұсылман қауымы үшін маңызды, қасиетті мереке. Рухани тазару мен сабырдың, кешірім мен кеңпейілдіктің, адамгершілік пен жанашырлықтың асыл құндылықтары айшықталатын ерекше мейрам.

Осы бір нұрлы күндері отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Әр үйде күлкі мен бақыттың үні жаңғырып, татулық пен тыныштық мәңгі серік болсын!

Ізгі тілектеріңіз қабыл болып, жүректеріңізге мейірім мен үміт ұяласың. Жақсылыққа толы әрбір сәт сіздерге шабыт пен қуат сыйласын!

Қасиетті Ораза айт баршаңызға құтты, берекелі болсын!

Ізгі ниетпен,
Алматы облыстық мәслихаттың төрағасы                                                                       Қ.Байғоджаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-maslihat/press/news/details/1185831?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді