«Village Kazakh»: Париж қаласында Наурыз мерекесі атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Париж, 2025 жылғы 5 сәуір – Қазақстанның Франциядағы Елшілігі мен «QazElles» қауымдастығы Шымкент қаласы әкімдігі мен Париждің 17-ші округінің мэриясының қолдауымен француз астанасында Наурыз мерекесіне орай «Village kazakh» іс-шарасын ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстанның Франциядағы Елшісі Г.Арыстанқұлова, Париждің 17-ші округінің мэрі Ж. Булар және оның орынбасарлары, сондай-ақ Шымкент қаласы әкімдігінің Туризм басқармасының басшысы Б.Адилханов қатысты.

Наурыз мерекесі аясында «Qagan» этно-ансамблі қазақ халық музыкасын орындады, ал «Яссы» би ансамблінің қойылымдары көрермендерді қазақ мәдениетінің атмосферасына сіңірді. «Ұршық» қауымдастығының қолөнершілері өздерінің ерекше бұйымдарын көрсетті. Осылайша, іс-шара қонақтары киіз бұйымдарын жасау шеберлігін тамашалап, қолмен жасалған қазақ зергерлік әшекейлерімен таныса алды.

Сондай-ақ, қатысушылар Терн алаңында орнатылған қазақтың киіз үйімен танысу мүмкіндігіне ие болды, ол барлық назардың орталығына айналды.

Осы алаңда екінші рет өткізілген бұл іс-шара Париж тұрғындары мен астананың қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырып, еліміздің мәдениеті мен ерекше дәстүрлері туралы ұмытылмас әсер қалдырды. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы іс-шара 2024 жылдың мамыр айында өткізіліп, нағыз мәдени оқиғаға айналып, қазақ өнері мен қонақжайлылығының сан қырын көпшілікке танытты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-paris/press/news/details/971010?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді