
Балалардың көркем сөзге деген қызығушылығын арттыру мақсатында мәнерлеп оқу байқаулары ұйымдастырылып, олардың тіл байлығы мен сөйлеу мәдениеті дамытылды. Сондай-ақ, Қазақстан тарихы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін тереңдету үшін интеллектуалдық викториналар өткізілді.
Аталған іс-шараларға Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдері қатысып, өзара достықты, сыйластықты және мәдени әртүрлілікті дәріптеуге мүмкіндік алды. Осы іс-шараларға мектепалды даярлық сыныбынан Громин Адам белсене қатысып, өзінің білімін, өнерін және қазақ тіліне деген қызығушылығын көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/digital-nauryz/press/news/details/1185949?lang=kk

Жауап қалдыру