Прокуратураның араласуынан кейін мыңнан астам қызметкерге зиянды еңбек жағдайлары үшін төлемдері қамтамасыз етілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Жамбыл облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы Жамбыл облысы әкімдігі ветеринария басқармасының облыстық ветеринариялық станциясының қызметінде еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізді.

Қадағалау іс-шараларының нәтижелері бойынша еңбек заңнамасы талаптарының өрескел бұзылуы анықталды, бұл қызметкерлердің заңмен кепілдендірілген өтемақы төлемдерін уақтылы алуға конституциялық құқықтарына нұқсан келтіруге әкеп соқтырған.

Кәсіпорын 1 010 қызметкерге зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін қосымша төлемдерді уақтылы төлемегені анықталды.

Бұл ретте ветеринарлық дәрігерлер аса қауіпті инфекциялар мен жануарлардың ауруларын жұқтыру қаупімен байланысты еңбек қызметін жүзеге асырады.

 Заңнама талаптарына қайшы, 2025 жылы жасалған ұжымдық шартта ауыр жұмыстармен, сондай-ақ зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы төлеу жүйесін көздейтін міндетті ережелер көрсетілмеген.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде ұжымдық шартты заңнама талаптарына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылданды, сондай-ақ қызметкерлерге тиесілі қосымша төлемдер бойынша берешекті толық өтеу қамтамасыз етілді.

 Кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен белгіленген жауаптылыққа тартылды.

 Аталған саладағы заңдылықтың жай-күйі прокуратураның ерекше бақылауында.

 

Жамбыл облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/1186039?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді