
Бүгін – Наурызнама онкүндігі аясындағы Ұлттық спорт күні. Осыған орай облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда қаласындағы ипподромда кең көлемді мерекелік іс-шара өтті.
Қазіргі таңда 30 мыңнан астам қызылордалық ұлттық спорттың 10 түрімен тұрақты айналысады. Сыр спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Олардың қатарында қазақ күресінен Мақсат Исағабылов, Нұрым Сәлімгереев, Еңбек Сақтағанов, Руслан Теміржан, тоғызқұмалақтан Бексұлтан Бостандықов, алыш күресінен Назерке Әбілтаева, көкпардан Әлем чемпионатына қатысқан Медетбек Балғынбек бар.
Іс-шарада спорт ардагерлері мен қала тұрғындары концерттік бағдарламаны тамашалап, ұлттық ойындарға белсенді қатысты. Атап айтқанда, арқан тартыс, қазақ күресі, садақ ату, қол күресі, асық ату, ләңгі тебу, теңге ілу, тоғызқұмалақ және аударыспақ жарыстары ұйымдастырылып, 400-ге жуық спортшы бақ сынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1186396?lang=kk

Жауап қалдыру