ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР – БІРЛІК ПЕН РУХТЫҢ КӨРІНІСІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызнаманың онкүндігі аясында 20 наурыз – Ұлттық спорт күніне орай аудан көлемінде кең ауқымды спорттық жарыстар өтті. Барлық ауылдық округтерде ұйымдастырылған сайыстардың негізгі бөлігі А.Асқаров атындағы орталық стадионда жалғасын тапты.

Асық ату, тоғызқұмалақ, садақ ату, гір көтеру, қол күрес, арқан тартыс сынды ұлттық спорт түрлерінен өткен жарыстарға әртүрлі жастағы тұрғындар белсенді қатысты. Ақ жаулықты әжелерден бастап, жастар мен түрлі сала өкілдері бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетті.

Бұл күн тек жарыс алаңы ғана емес, ұлттық рух пен бірліктің көрінісіне айналды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық спорт – ұлттың рухы. Осындай шаралар арқылы ата-баба мұрасы жаңғырып, ұрпақ сабақтастығы жалғаса бермек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1186394?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді