ҰЛТТЫҚ СПОРТ КҮНІ: РУХ ПЕН ДӘСТҮР ТОҒЫСҚАН ДОДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Наурызнама аясындағы Ұлттық спорт күні – тек мереке емес, бұл ұлт рухын жаңғыртатын, ата дәстүрді дәріптейтін ерекше күн. Биыл бұл айтулы дата тарихи шаһар Түркістан төрінде бұрын-соңды болмаған ауқымда атап өтілуде.
Наурыз қарсаңында заманауи халықаралық атшабар ашылып, ұлттық спорттың 10 түрінен ірі жарыстар ұйымдастырылуда. Бұл – дәстүр мен дамудың үйлескен айқын көрінісі.
 
🔥 Дүбірлі додалар:
▪️ Көкпардан Әлем чемпионаты
▪️ Аударыспақтан «Қазақстан қабыланы» турнирі
▪️ Дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты
▪️ Теңге ілуден Азия кубогы
▪️ Жамбы атудан республикалық турнир
▪️ Аламан бәйге
▪️ Асық атудан Әлем кубогы
▪️ «Толағай» алыптар сайысы
▪️ Қазақ күресінен «Түйе палуандар» турнирі
Бұл жарыстар – тек спорт емес, ол ептілік пен ерліктің, күш пен парасаттың, ұлттық болмыстың айнасы.
 
✨ Түркістан енді тек рухани астана емес – ұлттық спорттың халықаралық орталығына айналуда.
✨ Мыңнан астам адамның бір мезетте асық ойнап, әлемдік рекорд орнатуы – тарихи сәт!
Ұлттық спорт – өткеннің сарқыншағы емес, болашақтың қуатты ресурсы.
Ендеше, рухты оятқан Ұлттық спорт күні құтты болсын! 🇰🇿

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1186270?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді