Құрметті қорғалжындықтар!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Барша әлемдегі ұлт пен ұлысты, ел мен елді теңестіретін көктемнің осы бір мейрамы жыл сайын жаңару мен жасампаздықтың мерекесі ретінде халқымызға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап келеді.

Наурыз – жаңа дәурен мен жақсылықты айшықтайтын әрі өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, болашаққа бағыт – бағдар беретін ерекше сәт.

Біз әр күніміз өсу мен даму үшін мүмкіндік туғызатын, ырыс-берекеміз нығайған елде өмір сүріп отырмыз. Әрқашан аспанымыз ашық, барлық игілікті істер табысты,  еңбектеріміз жемісті болсын!

Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

 

Ізгі тілекпен,

Қорғалжын аудандық

мәслихатының төрағасы         Б. Рыспаев

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-korgal/press/news/details/1186848?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді