
Кеген аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 26 наурыз 2026 жылы өткізілді.Тұрақты комиссия отырысы қарауына мына төмендегі мәселелер ұсынылды:
1. Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылдың 29 желтоқсанындағы № 41-186 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Кеген аудандық мәслихатының «Кеген ауданының ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2025 жылдың 29 желтоқсанындағы № 41-187 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Аудандағы туристік нысандарға баратын автокөлік жолдарының жағдайы, оларды жөндеу мақсатында бюджеттен бөлінген қаражат көлемі, жөндеуден өткізілетін жол учаскелері, орын алып отырған проблемалары мен оның шешу жолдары туралы Кеген ауданы әкімінің орынбасары М. Исаевтың есебі;
4. Аудан көлемінде денсаулық сақтау саласындағы өзекті
мәселелері мен тұрғындарға қызмет көрсету деңгейін көтерудің жолдары туралы ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» КММ директоры Қ. Байкубесовтың есебі;
5. Кеген ауданындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы;
6. Мәслихат төрағасы А. Нұғманның кезекті еңбек демалысы туралы.
Аталған мәселелер талқыланып, сессия отырысында қарау туралы қаулы қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kegen/press/news/details/1188731?lang=kk

Жауап қалдыру