Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 25-інен 26-на қараған түні Талдықорған қаласы аумағында ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді.
Өткізілген профилактикалық шара барысында негізгі назар құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық тәртіптің сақталуын бақылауға, сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтарды анықтауға аударылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша 127 құқық бұзушы анықталды. Олардың қатарында қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, түнгі уақытта тыныштықты бұзу, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз жүруі, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың көптеген фактілері бар.
Жолдардағы тәртіпке ерекше көңіл бөлінді: көлік басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын сақтамау, бағдаршамның тыйым салатын белгісіне өту, сондай-ақ техникалық талаптарға сай келмейтін көлік құралдарын басқару деректері тіркелді.
Сонымен қатар, ішкі істер органдарында есепте тұрған 35 тұлға тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерілді. Олардың қатарында шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, әкімшілік қадағалаудағылар және пробациялық бақылауда тұрған азаматтар бар.
Профилактикалық жұмыс аясында учаскелік полиция инспекторлары 7 адамды Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды.
«Мұндай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамда заңға бағынушылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігінен басталады», – деп атап өтті полиция қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруды жалғастыруда және қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті құрметтеуге шақырады.
#законипорядок #заңментәртіп #профилактика
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1188732?lang=kk

Жауап қалдыру