
Шымкентте өтіп жатқан республикалық Digital Qazaqstan форумында ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Digital Qazaqstan форумы, “Smart city” жобасы, жасанды интеллектті дамыту туралы сөз сөйледі. Оның айтуынша ел экономикасын цифрлық және AI-трансформациялау мен өңірлерді дамытуға бағытталған ұлттық платформа ретінде өз нәтижесін береді деп бағалануда.
Айта кету керек форум аясында Цифрлық және технологиялық трансформациядағы үздік
тәжірибелерді мойындауға арналған Digital Qazaqstan Awards байқауы жарияланған. Биыл байқау сыйлықтары өнеркәсіптегі AI- шешімдерді енгізу, цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту, өңірлік цифрлық трансформация, әлеуметтік маңызы бар технологиялық жобалар және болашағы зор AI-стартаптар номинациялары бойынша табысталады. Сыйлық бес номинация бойынша табысталады: Best Industrial AI Project – өнеркәсіптік үдерістердің тиімділігі, қауіпсіздігі және орнықтылығын арттыруда нақты нәтижеге қол жеткізген жасанды
интеллект негізіндегі жоба.
Best AI Government Services – азаматтар мен бизнеске арналған мемлекеттік
қызметтердің қолжетімділігін, сапасын және ашықтығын жақсартатын жасанды интеллект негізіндегі шешім. Regional AI Transformation – өңір немесе қала деңгейінде іске асырылып басқару инфрақұрылым және ведомствоаралық цифрлық үдерістерге жүйелі өзгерістер енгізген жасанды интеллект жобасы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1188733?lang=kk

Жауап қалдыру