
Жетісу облысы Сарқан ауданы Қарашыған ауылдық округі Мұқан Төлебаев ауылының тумасы Gaimukhan_altyngul Аймұхан Алтынгүлді Черногория мемлекетінің Будва қаласында өткен «Адриатика інжу-маржан» Әлем кубогының халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – тек бір спортшының ғана емес, бүкіл қазақ елінің мерейін өсірген үлкен жеңіс. Туған жердің абыройын асқақтатып, Қазақстанның көк туын биікте желбіреткен батыл да қайсар спортшымызға алғысымыз шексіз.
Осындай чемпионды тәрбиелеп өсірген ата-анасына ризашылығымызды білдіреміз. Алтынгүлдің жеңісті жолы жалғаса берсін, ел намысын қорғап, көк байрағымызды әлем ареналарында әрдайым биікте желбірете берсін! Еліміздің мақтанышы болып, алар асуларыңыз әлі де көп болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-karashygan/press/news/details/1188559?lang=kk

Жауап қалдыру