Астанада полицейлер Наурыз мейрамын ерекше атап өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы Полиция департаментінің патрульдік полиция мамандандырылған батальонында Наурыз мейрамына арналған кең ауқымды әрі әсерлі іс-шара өтті. Көктемнің, жаңарудың және бірліктің символына айналған мереке жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бір күнге бөлімше аумағы нағыз этноауылға айналды. Қонақтарды ұлттық киім киген «Наурыз батырлары» қарсы алып, қазақтың дәстүрлі қонақжайлылық атмосферасын қалыптастырды.
Мерекелік бағдарлама мазмұнды әрі қызықты болды. Полиция қызметкерлері концерттік бағдарлама әзірлеп, ұлттық аспаптармен музыкалық сүйемелдеу ұйымдастырды. Сонымен қатар, шақырылған өнерпаздар халық әндері мен заманауи шығармаларды орындады.
Ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар да ерекше назар аудартты. Атап айтқанда, арқан тарту, асық ату, гір көтеру және армрестлингтен сайыстар өтті. Қатысушылар мен көрермендер белсенді қатысып, күш-қайраттарын, ептіліктерін және командалық рухтарын көрсетті.
Мерекенің жарқын сәттерінің бірі – заманауи техниканың таныстырылымы болды. Қонақтарға робот-ит көрсетіліп, ол балалар мен ересектердің үлкен қызығушылығын тудырды.
Жас қонақтар үшін арнайы ойын-сауық аймағы ұйымдастырылып, балаларға тәттілер таратылды. Бұл мерекеге ерекше жылулық пен шаттық сыйлады.
Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі Оңалбаев Айтидант, сондай-ақ Астана қаласы полициясының бастығы генерал-майор Марат Төлебаев болды. Ардагер «Тұсаукесер» ұлттық дәстүрін өткізіп, балаға ақ жол тілейтін рәсімді орындады.
Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ұзақ жыл еңбек еткен ардагерлер – Болат Өскенбаев, Нұржан Байдарбеков және Владимир Козак шақырылды.
Аумақта үлкен киіз үйлер тігіліп, қонақтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды. Бұл дастархан халқымыздың кеңпейілділігі мен дәстүр байлығын көрсетті.
Астана қаласы полициясы қатарында өткен Наурыз мейрамы – мәдени мұраны дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және бірлік пен патриотизмді қалыптастырудың жарқын үлгісіне айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1187629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді