Наурыз мейрамына орай қала алаңында ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, келген қонақтар ерекше ілтипатпен қарсы алынды. Ұлттық дастархан жайылып, наурыз-көже, бауырсақ және өзге де дәстүрлі тағамдар ұсынылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Облыстық білім басқармасы тіккен он алты қанат киіз үй де мерекенің көркін қыздырып, көпшілік жиналған негізгі орындардың біріне айналды. Бұл киіз үйге келген қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақ халқының қонақжайлылығы мен салт-дәстүрін тереңірек сезіне алды. Ішінде еркін әңгіме өрбіп, жылы шырайлы қабылдау мен ұлттық нақыштағы көріністер мерекелік көңіл-күй сыйлады.
🌱Алаңда ұйымдастырылған ауқымды концерттік бағдарлама да көпшілікке көтеріңкі рух сыйлап, Наурыздың шынайы шаттығын сезіндірді.
Бұл мереке – ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын айқын көрсеткен тағылымды әрі мазмұнды шара болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1189264?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді