
Өскемен қаласында «Өндіруші салалардың ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) тәжірибеде: деректерді пайдалану және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары арқылы тиімді басқаруды қамтамасыз ету (ҮЕҰ, БАҚ және бизнес үшін)» тақырыбында екі күндік практикалық тренинг басталды.
Іс-шара Financial Services Volunteer Corps (FSVC) ұйымымен Қазақстанның ӨСАБ Ұлттық кеңесінің сұранысы бойынша, Ұлттық хатшылықтың Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үйлестіруімен ұйымдастырылды.
Тренинг «CLEAR Central Asia – Орталық Азияның есептілік пен өндіруші салаларды реформалау мәселелеріндегі көшбасшылығы» өңірлік бастамасы аясында, Ұлыбританияның Сыртқы істер, Достастық және даму істері жөніндегі министрлігі қолдауымен өткізіліп, Орталық Азия елдерінде ӨСАБ стандартын енгізуді нығайтуға бағытталған.
Тренингтің бірінші күніне ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, азаматтық қоғам ұйымдары, эко-белсенділер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстандағы ӨСАБ іске асырылу барысы, өндіруші сектордағы ашықтыққа қатысты негізгі дереккөздер, валидация нәтижелері және ӨСАБ-тың 2023 жылғы стандартының басымдықтары қарастырылды.
Шығыс Қазақстан облысының экономикасындағы тау-кен өндіру саласының рөліне ерекше назар аударылды, себебі өңірде пайдалы қазбаларды өндіру негізгі даму факторларының бірі болып табылады.
Тренингтің практикалық бөлігі қатысушылардың ӨСАБ деректерімен жұмыс істеу және оларды БАҚ пен азаматтық қоғам ұйымдарының қызметінде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Тренинг 31 наурызда жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1190135?lang=kk

Жауап қалдыру