ТӨРТКҮЛ АУЫЛЫНДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ІСІ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Төрткүл ауылы бірлігі жарасқан, игі істерімен көпке үлгі болып келе жатқан елді мекендердің бірі. Бүгінде ауыл тұрғындарының бастамасымен құрылған «Төрткүл» қайырымдылық қоры тұрмысы төмен отбасыларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп, баспанамен қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар атқаруда.

Жуырда қордың ұйымдастыруымен ауыл тұрғыны, көпбалалы жалғызбасты ана Жексенова Бақыткүлге жаңа баспананың кілті табысталды. Аталған игі іске ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысып, қаржылай қолдау көрсетіп, ауызбіршіліктің жарқын үлгісін танытты.

Жаңа үй толықтай қажетті жиһаздармен қамтамасыз етіліп, иесіне дайын күйінде берілді. Бұл — қор тарапынан табысталған төртінші баспана.

Төрткүлдіктердің бұл бастамасы өзге елді мекендерге үлгі боларлықтай. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, елдің ынтымағы мен жанашырлығы осындай игі істерден айқын көрінеді.

Аталған қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Бірлік бар жерде — береке бар.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1190159?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді