🔰 ТҮЛКІБАС: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ САҚТАНДЫРУ – ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔹 Департаментпен бекітілген «Түркістан облысында қызметкерлерді жазатайым жағдайлардан сақтандыру туралы “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес 2026 жылдың 30 наурыз күні кезекті кездесу Түлкібас ауданында өтті.
 
🔹 Кездесуге Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы, Түлкібас ауданы әкімі аппаратының басшысы Байтуганов Фархат Тастайбекұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Түлкібас ауданында орналасқан жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарын жасамаған кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
 
🔹 Кездесу барысында қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы баяндама жасады.
 
🔹 Одан әрі, кездесуге қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1190335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді