Бүгін Жангелдин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Жангелдин аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн тәртібінде бекітілген жылдық жоспар бойынша негізгі мәселелер «Жангелдин аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы мәслихат қызметінін ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» мәслихат төрағасы А.М.Ержигитованың, «Жангелдин ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы» бөлімі басшысы Ж.А.Шалабайдың және «Жангелдин ауданының жер қатынастары бөлімінің атқарған жұмыстары туралы» бөлім басшысы Р.Б.Ибраевтың  есептері тыңдалды.

            Сондай – ақ  «Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №175 «Жангелдин ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» аудан әкімінің ұсынысы негізінде қосымша мәселе қаралды.  Осы мәселе бойынша ауданның эканомика және қаржы бөлімінің басшысы Е.А.Біржікен білдірме жасап, депутаттар тарапынан маңызды сұрақтар қойыла отырып жан – жақты талқыланды.

Сессияда қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешімдер бекітілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhangeldin/press/news/details/1190958?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді