Аудандық мәслихат депутаттарының назарына

Жарияланды:

Автор:

категорияда

   2026 жылғы 3 сәуірде сағат 11.00-де аудан әкімдігінің үлкен залында Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс XXXVIII сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

  1. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 9-1 “Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі жанындағы жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
  3. Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 13-2 “Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы” шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Әр түрлі

21-1-40 телефоны бойынша анықтама

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-gm/press/news/details/1192416?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді