Үстіміздегі жылдың 1 сәуір күні Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында Департаменттің «Еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің» басшысы – мемлекеттік еңбек инспекторы Сапарқұлов Ғалымжан Сейдуәліұлы «Turkistan» телеарнасы «Маман кеңесі» бағдарламасының тікелей эфирінде сұхбат берді.
Сұхбат барысында еңбек қатынастарына қатысты негізгі жаңашылдықтар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтар мен міндеттердің өзекті мәселелері, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған нормалар кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, жаңа талаптарды іске асыру тетіктері, еңбек шарттарын рәсімдеу, жазатайым оқиғалардың алдын алу және қызметкерлерді міндетті сақтандыру мәселелері де қамтылды.
Спикер өз сөзінде еңбек заңнамасындағы өзгерістердің басты мақсаты – еңбек қатынастарын жетілдіру, жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету екенін атап өтті.
Бағдарлама барысында Ғалымжан Сейдуәліұлы тікелей эфирге қоңырау шалып хабарласқан өңір тұрғындарының еңбек қатынастары саласына қатысты қойылған көкейтесті сұрақтарына да тиімді жауаптар берді.
Жауап қалдыру