
2026 жылдың 2 сәуірінде Светлопольск ауылдық округінде көктемгі абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары басталды. Іс-шаралар «Таза Қазақстан» жалпы республикалық экологиялық акциясы аясында өтті және осы маусымдағы бірінші «таза бейсенбіге» орайластырылды.
Округтің
ұйымдары мен мемлекеттік мекемелерінің ұжымдары әкімшілік ғимараттардың айналасын ретке келтіру үшін бекітілген учаскелерге шықты, көшелер мен қоғамдық аумақтар да тазартылды.
Округ тұрғындарын өз үйлері мен оның маңындағы аумақтарды ретке келтіре отырып, бастаманы қолдауға және шетте қалмауға шақырамыз. Біздің ауылдың тазалығы–біздің ортақ жауапкершілігіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kzh-svetlopolsk/press/news/details/1193361?lang=kk

Жауап қалдыру