
|
№ |
Меморган |
Жиі қойылатын сұрақ |
Қысқаша жауап |
Толық жауап |
НҚА-ға сілтеме |
Кілт сөздер және хештегтер |
|
1. |
«Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ Ұлттық архив қорын пайдалану, ғылыми-анықтамалық ақпарат және құжаттауды бақылау бөлімінің басшысы Кожекеев Ә Тел:8 705 674 2816
|
Еңбек өтілі туралы архивтік анықтаманы қалай алуға болады? |
Мемлекеттік архивтер «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметті көрсетеді, осыған байланысты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Е-Өтініш» АЖ-і арқылы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, өтініш қоса берілген құжаттармен бірге біздің тарапымыздан «Е-Архив» АЖ-не көшірілуге жататынын және көрсетілген ақпарат жүйесінде – кеңсе арқылы түскен болып тіркелетінін және жауабын көрсетілген мекен-жайға Казпочта арқылы жіберіледі.
|
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» № 88-V Заңының және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» № 39/НҚ бұйрығының негізінде – «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» – Мемлекеттік қызмет болып табылады. 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69- бабы 3- тармағына сәйкес, мемлекеттiк органдарға, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келiп түсетін өтiнiштерді тіркеу, есепке алу, сондай-ақ «Электрондық жолданымдар» ақпараттық-талдау жүйесiн жүргiзу тәртiбi құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметтi өз құзыретi шегiнде жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларының 1- тарауы 3- тармағының талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметті «Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві» республикалық мемлекеттік мекемесі, орталық мемлекеттік архивтер, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, қалалық, аудандық мемлекеттік архивтері көрсетеді (қызметті көрсетуші). Мемлекеттік архивтер «Е-Архив» ақпараттық жүйесінде мемлекеттік қызметті көрсетеді, осыған байланысты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша «Е-Өтініш» АЖ-і арқылы сұрау салулар келіп түскен жағдайда, Сіздің өтінішіңіз қоса берілген құжаттармен бірге біздің тарапымыздан «Е-Архив» АЖ-не көшірілуге жататынын және көрсетілген ақпарат жүйесінде – кеңсе арқылы түскен болып тіркелетінін және жауабы Сіз көрсеткен мекен-жайға Казпочта арқылы жіберіледі. Мақсаты: архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру жөніндегі мемлекеттік қызметті заңнамаға сәйкес көрсету тәртібін айқындау.
|
Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-I Заңы. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z98000032
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығымен бекітілген «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000020790
|
Архивтік анықтама Еңбек өтілін растау |
|
2. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысыі Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Музей қорындағы жәдігерлерді ғылыми зерттеу үшін пайдалануға бола ма? |
Ғылыми мақсатта пайдалануға рұқсат жазбаша өтініш арқылы беріледі.
|
Ғылыми зерттеу жүргізу үшін зерттеуші немесе ұйым музей әкімшілігіне жазбаша өтініш жібереді. Өтініште зерттеу тақырыбы, мақсаты мен мерзімі көрсетіледі. Музей директорының бұйрығымен рұқсат берілген жағдайда, зерттеу музей қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі. Музей қоры — ұлттық мәдени мұра болып табылатындықтан, зерттеу кезінде жәдігерлердің сақталу шарттарын бұзуға болмайды. Мақсаты: Музей қорындағы ұлттық мәдени мұра жәдігерлерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, ғылыми зерттеуді ұйымдастыру.
|
ҚР «Мәдениет туралы» Заңы, 2006 жылғы 15 желтоқсан, №207-III.
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы |
Ғылыми зерттеу
Мәдениет Музей қоры |
|
3. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысы Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Жеке кәсіпкер музейлік көрме ұйымдастыра ала ма? |
Мекенжайды келісіп, мәдениет бөлімінен рұқсат алу қажет. |
Жеке кәсіпкерлер музейлік көрмелерді өткізу үшін тиісті талаптарға сай нысандарда, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып өткізе алады. Көрме ұйымдастыру үшін жергілікті мәдениет бөлімі мен музей әкімшілігімен келісім жасалады.
Мақсаты: жеке кәсіпкерлер музейлік көрмелерді қауіпсіздік шараларын сақтап және тиісті талаптарға сай нысандарда, жергілікті мәдениет бөлімі мен музей әкімшілігімен келісім негізінде өткізе алады. |
ҚР «Мәдениет туралы» заңы №17-IV 2006 ж. 15 желтоқсан, МКС 2015 ж. 30 наурыз №177 бұйрығы.
|
музейлік көрме, жеке кәсіпкер, келісім. |
|
4. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысы Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Жеке коллекциялар көрмесін өткізу үшін рұқсат керек пе? |
Егер экспонаттар мәдени құндылыққа ие болса — иә, рұқсат қажет. келісімшарт арқылы. |
Көрме жобасына тарихи-мәдени құндылығы бар экспонаттар енгізілген жағдайда, жеке кәсіпкерлер КЖМ қолдануға, салық төлеуге және экспонаттардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Уақытша экспозициялар үшін музейден рұқсат рәсімделеді. Мақсаты: тарихи-мәдени құндылығы бар экспонаттарды уақытша көрмелерде көрсету кезінде олардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, жеке кәсіпкерлердің заңды және салықтық талаптарға сәйкес әрекет етуін реттеу.
|
ҚР «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» заңы
|
жеке коллекция, көрме, қорғау. |
|
5. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімнің басшысыі Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Музейге затты қалай өткізуге болады? |
Сыйға тарту немесе уақытша сақтауға беру актісі арқылы. |
Жеке және заңды тұлғалар музейге заттарды сыйға тарту, уақытша сақтау немесе тегін пайдалану шартымен өткізе алады. Барлық рәсімдер акт арқылы рәсімделеді. Мақсаты: музейге заттарды сыйға тарту, уақытша сақтау немесе тегін пайдалану кезінде рәсімдерді заңды түрде рәсімдеп, құжаттаманы толық қамтамасыз ету.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 25 мамырдағы № 154 «Музей қорындағы музей заттары мен музей коллекцияларына қол жеткізу ережесін бекіту туралы» бұйрығы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V070004725_
|
сыйға тарту, өткізу, акт, экспонат. |
|
6. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мәдениет, өнер шараларын ұйымдастыру, мониторинг бөлімнің басшысыі Гумаров Т.Н Тел:8 775 694 6726
|
Қайырымдылық концерт өткізіп беру туралы |
Сіздің өтінішіңіз қаралды. «Алатау әуендері» МКҚК – «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ (әрі қарай – басқарма) қарасты концерттік ұйым. Барлық концерттер мен іс-шаралар жылдық жоспарға сәйкес, басқа басшысының келісімімен өткізіледі.. Жоспардан тыс қайырымдылық концерттер тек басқарманың рұқсатымен жүзеге асырылады. Сол себепті, бұл мәселе бойынша басқармаға жүгінуіңізді сұраймыз. |
Сіздің жолдаған өтінішіңіз қаралды. «Алатау әуендері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны – «Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (әрі қарай – басқарма) қарасты концерттік ұйым. Концерттік ұйымның қызметі – өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртiппен алынған бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады. Өткізілетін концерттер мен мәдени іс-шаралар жыл басында жасалған жоспарға сәйкес басқарма басшысымен бекітіледі. Аталған жоспарға қайырымдылық концерттер де алдын ала енгізіледі. Жалпы қаржыландыру бюджет есебінен жүзеге асырылатын болғандықтан, жоспардан тыс қайырымдылық концерттер тек басқарманың тікелей келісімімен өткізіледі. Осыған орай, қайырымдылық концертін өткізу үшін алдымен басқарманың келісімі қажет екенін хабарлаймыз.
Мақсаты: қайырымдылық концерттерді басқарманың келісімімен заңды түрде өткізу арқылы қоғамдық немесе әлеуметтік мақсаттарды қолдау. |
Кәсіпорынның Жарғысы ҚР «Мәдениет туралы» Заңы (31-бап)
|
Қайырымдылық концерт |
|
7. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610 |
Баспамыздың кітаптарын сатып аласыздар ма ? |
Баспаның прайс-парақшасымен таныстық. Келесі жылға бюджеттен қаражат қаралса сатып алынады, бюджетке ұсыныс беріледі.
|
Қаржы бөлу «Мәдениет туралы» ҚР Заңының 7-бабы 3-тармағына, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Кітап сатып алу бойынша ұсыныстар келесі қаржы жылына арналған жоспарға енгізіледі. Баспа ұсынған прайс-парақшалар мен кітаптар тізімі мәдениет мекемелерінің кітап қорының тақырыптық бағыттарына және оқырман сұранысына сәйкес қаралады. Мақсаты: мәдениет мекемелерінің кітап қорын оқырман сұранысы мен тақырыптық бағыттарға сәйкес толықтыру үшін кітап сатып алуды заңды түрде жоспарлап, қаржыландыруды ұйымдастыру.
|
1. «Мәдениет туралы» ҚР Заңы, 15.12.2006 ж., №207, 7-бап, 3-тармақ.
2. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы, 01.07.2024 ж., №106-VII 3.
|
Кітапхана жүйесі.
Баспа өнімдері. |
|
8. |
Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы кітапхана ісі, тарихи-мәдени мұра, музейлер жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Домбай Г.К Тел:8 775 686 0610
|
Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің болуы не болмауы туралы ақпарат беру. |
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жер учаскелерін игеру кезінде тарихи-мәдени сараптама жүргізуді ұсынамыз. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін, жергілікті жерге шығу жұмыстарын ұйымдастыру үшін оны «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» КММ-не жолдауыңызды сұраймыз. |
Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 258 «Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысымен adilet.zan.kz сайтында жарияланған.
Сонымен қатар, Алматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімі Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 16 тамыздағы № 258 қаулысымен adilet.zan.kz сайтында жарияланғанын тағы да хабарлаймыз.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жер учаскелерін игеру кезінде тарихи-мәдени сараптама жүргізуді ұсынамыз. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін, жергілікті жерге шығу жұмыстарын ұйымдастыру үшін оны «Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі орталығы» КММ-не жолдауыңызды сұраймыз.
Қосымша мәлімет ретінде, тарихи-мәдени сараптаманы тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында қызметті жүзеге асыратын, тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензиясы бар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңнамасына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.
Сондай-ақ, «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының 26-бабына сәйкес, жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылар өздеріне берілген жерлерде орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Осы міндеттемелер орындалмаған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан жер учаскелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қойылады.
Осының негізінде хабарлайтынымыз: «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» ҚР Заңының 30-бабына сәйкес, аумақтарды игеру кезінде жер учаскелері бөлінгенге дейін тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау бойынша археологиялық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 145-бабы 4-тармақшасына сәйкес, жер учаскелерін бөлгенге дейін археологиялық жұмыстарды жүргізбеу айыппұл салуға әкеп соғады.
Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 203-бабы 1-бөлігіне сәйкес, мемлекет қорғауына алынған тарих, мәдениет ескерткіштерін, табиғи кешендерді немесе объектілерді, сондай-ақ ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар заттарды немесе құжаттарды қасақана жою немесе бүлдіру үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Тарихи-мәдени мұра объектілерінің өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін жұмыстарды жүргізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұраға қатысты барлық заңнамалық актілерді, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 99 бұйрығымен бекітілген «Тарихи-мәдени сараптама жүргізу қағидаларын» басшылыққа алуды ұсынамыз.
Мақсаты: қаралған аумақта тіркелген тарихи-мәдени мұра объектілерінің бар-жоғын ресми түрде анықтап, нәтижесін жазбаша түрде хабарлау.
|
Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 20, 21, 30-баптары, https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1900000288
|
Тарихи-мәдени ескерткіштер
Археология Тарихи-мәдени сараптама |

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-cultura-arhiv/press/news/details/1194123?lang=kk

Жауап қалдыру