«Зерделі ұрпақ – 2026»: Екібастұзда білімділер бәсекесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екібастұз қаласы білім бөлімі мен «Зерделі Талант» орталығы ұйымдастырған 5-сынып оқушыларына арналған «Зерделі ұрпақ» олимпиадасының қалалық кезеңі мазмұнды әрі жоғары деңгейде өтті.

Бұл жоба оқушының тек білімін емес, ойлау қабілетін, функционалдық сауаттылығын және өмірлік жағдайларда шешім қабылдай білуін дамытуға бағытталған.

Қатысушылар математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылығы бойынша командалық блиц-турнир форматында бақ сынады. 10 мектептен келген 100 оқушы шапшаңдық, дәлдік және бірлескен әрекет арқылы өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Нәтижесінде Бас жүлде №16 ЖОББМ-ге бұйырды.

І орын – Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы мектеп, №35 мектеп-гимназиясы

ІІ орын – №18, №28 ЖОББМ

ІІІ орын – №21 ЖОББМ, №7 мектеп-гимназиясы, №11 ЖОББМ, Байет атындағы мектеп, №5 ЖОББМ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1194400?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді