
Аталған жарысқа ауданның әр ауылдық округтерінен және білім беру ұйымдарынан құралған 12 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және спортқа деген ерекше қызығушылықтарын танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Шақаман мектеп командасы. Жеңімпаз команда ауыспалы кубоктың иегері атанды.
ІІ орын – Түрксіб мектеп командасы.
ІІІ орын – Шақаман командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және қыздар мен әйелдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру болып табылады.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да осындай спорттық жарыстарға белсенді қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-zhanasemey/press/news/details/1199139?lang=kk

Жауап қалдыру