Павлодарда «Бүлдіршін» фестивалінің іріктеу кезеңі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар қаласында «Бүлдіршін» мектепке дейінгі балалар шығармашылығы қалалық фестивалінің іріктеу кезеңі басталды. Фестиваль балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және көркем-эстетикалық тәрбиені қолдауға бағытталған.

Іріктеу кезеңіне қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың 730 тәрбиеленушісі қатысты. Нәтижесінде 408 қатысушы екінші кезеңге жолдама алды.

Екінші кезеңде келесі балабақшалардың тәрбиеленушілері өнер көрсетеді:

Вокал – № 2, 5, 6, 8, 10, 18, 19, 23, 24, 25, 31, 32, 34, 43, 44, 54, 72, 82, 86, 96, 117, 122;
Хореография – № 10, 11, 29, 33, 42, 51, 57, 104, 120, 122, 126;
Балалар оркестрі – № 9, 10, 28, 48, 102, 122;
Көркем сөз – № 8, 29, 37, 42, 47, 54, 84, 117, 120.

Барлық қатысушыларға сәтті өнер көрсетуді тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bilim/press/news/details/1200104?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді