Атырау облысыныңТөтеншежағдайлардепартаментінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің бірінші басшыларымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     

Кездесудің басты мақсаты – «Азаматтық қорғау туралы»Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру, талқылау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрекеттерін күшейту.

Кездесу барысында «Азаматтық қорғау туралы» Заңына енгізілген өзгерістер аясында, сонымен қатар, бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығын, әділдігін және тиімділігін арттыруға бағытталған өзекті мәселелер талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік инспекторлардың лауазымдық өкілеттіктерінің заң шеңберінде адал әрі жауапкершілікпен жүзеге асырылуы туралы айтылды.

Кездесу соңында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектілерінің сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берілді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністері байқалған жағдайда, ҚР ТЖМ-нің, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің, Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Сенім телефондары немесе 1424 Call орталықтары арқылы хабарласуға болатындығы туралы баяндалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-atyrau/press/news/details/1200401?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді