Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджет игеру мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және бюджеттің орындалуы мәселелері облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде қаралды.

Ақтөбе облысының қаржы басқармасының  басшысы Е.Тұрсынғалиев 2026 жылдың 1 тоқсанында облыс бюджетінің орындалуы туралы баяндама жасады.

2026 жылға облыс бюджетінің жеке кірістері 377,9 млрд теңгеге жоспарланды.  Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне жеке кірістер 71,3 млрд теңгеге жоспарланып, нақты 82,3 млрд теңге түсті немесе 115,5 %-ға (жылдық жоспардың 21,8 %) орындалды.

2026 жылға облыс бюджетінің шығыстары 618,2 млрд теңгеге жоспарланды. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне шығыстар 132,5 млрд теңгеге  жоспарланып, 128,7 млрд теңгеге  немесе 97,2 %-ға игерілді.     

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-karzhy/press/news/details/1200586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді