«Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 9-отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        2026 жылғы 13–14 сәуірде Брюссель қаласында «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 9-отырысы аясында техникалық консультациялар өтті.

      Консультациялар кедендік әкімшілендірудің практикалық аспектілерін талқылауға және тәжірибе алмасуға бағытталды, оның ішінде тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану, мобильді кедендік топтардың қызметі, сондай-ақ кедендік зертханаларды пайдалану саласындағы озық тәжірибені зерделеу мәселелері қамтылды.

      Өткізілген консультациялар ынтымақтастықтың жекелеген бағыттарын егжей-тегжейлі пысықтауға, оларды іске асырудың практикалық тәсілдерін айқындауға, сондай-ақ негізгі отырысқа шығарылған мәселелер бойынша тараптардың келісілген ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

      2026 жылғы 15 сәуірде «Қазақстан Республикасы – Еуропалық одақ» кедендік ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің 9-отырысы өтті.

      Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысты:

  • Исмагулов Кадыр – Аудит департаментінің директоры;
  • Қожабергенов Ермек – Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;
  • Тобыкбаев Аслан – Аудит департаментінің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі қосылған құн салығын әкімшілендіру басқармасының басшысы.

      Отырыс барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелерін қарастырды, оның ішінде кеден заңнамасы мен рәсімдерін жетілдіру, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ тауарлар мен көлік құралдары бойынша алдын ала ақпарат алмасу тетіктерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

      Атап айтқанда, келесі бағыттарға ерекше назар аударылды:

  • кедендік процестерді цифрландыру,
  • қағазсыз технологияларды енгізу,
  • зияткерлік меншік құқықтарын қорғау,
  • өзара әкімшілік көмек көрсетуді одан әрі дамыту.

       Іс-шаралар қорытындысы бойынша практикалық өзара іс-қимылдың бірқатар бағыттары бойынша ортақ түсіністікке қол жеткізіліп, оларды іске асырудың кейінгі қадамдары айқындалды.

      Техникалық консультациялар мен Кіші комитет отырысын өткізу Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы қалыптасқан диалогтың тиімділігін, сондай-ақ кедендік әкімшілендірудің қолданбалы міндеттерін шешу, тәжірибе алмасу және келісілген тәсілдерді қалыптастыру үшін осы форматтың өзектілігін растады.

       Тараптар практикалық өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, заңды сауданы дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыруға дайын екендіктерін растады.

      Кіші комитеттің 10-отырысын 2027 жылы Қазақстан Республикасында өткізу жоспарлануда.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1201634?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді