
Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен инвестиция тарту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Жиында «MIRYILDIZ KZ Ltd.» компаниясының Абай ауданында алтын өндіру фабрикасын, «Nurbay Operating» серіктестігінің Аягөз ауданында мыс кенін өңдейтін байыту фабрикасын, «ГРЭС Курчатов» компаниясының Курчатов қаласы маңында электр станциясын салу, «Abai Poultry Agro» компаниясының құс фабрикасын ашу жобалары таныстырылды. Сондай-ақ, «BiBi Product» серіктестігінің қойма құрылысы, «TAB Development» компаниясының Семей қаласында қонақ үй кешенін, «Global Construction» компаниясының қойма нысанын, жеке кәсіпкер Қымбат Зейнеғабиденованың мейрамханасы бар қонақ үй кешенін салу, «Семей механикалық зауытының» металл және бетон бұйымдары өндірісін іске қосу, «Асыл Түлік KZ» серіктестігінің Жарма ауданында суару инфрақұрылымын дамыту, «Альфа Медика Қазақстан» серіктестігінің жеке медициналық клиника ашу жобалары ұсынылды.
Кеңес қорытындысында жалпы сомасы 1 228,2 млрд теңгені құрайтын, 1584 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік беретін 12 жоба мақұлданды. Аймақ басшысы бұл жобалар өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға септігін тигізетінін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/1201678?lang=kk

Жауап қалдыру