ТЖМ-де өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жобалау құжаттамасын келісу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

           Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде вице-министр Ерболат Садырбаев пен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұржан Искаковтың төрағалығымен workshop өтті. Гибридті форматтағы шараға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган мен ірі өнеркәсіптік операторлардың (NCOC, KPO, TCO) өкілдері қатысты. Кездесудің басты тақырыбы — қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, жаңартуға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу тәртібіне өзгерістер енгізу болды.

Жиын барысында қатысушылар мынадай маңызды мәселелерді қарастырды:

  • жобалық құжаттаманы келісу рәсімдерін жетілдіру
  • жобалық өзгерістерді жіктеу және мерзімдерді оңтайландыру
  • әкімшілік кедергілерді жеңілдету және тәуекелге негізделген тәсілдерді енгізу

       Сондай-ақ «KAZENERGY» қауымдастығының ұсыныстары тыңдалып, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді (НҚА) өзгерту перспективалары талқыланды. Қатысушылар мемлекет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайтып өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізетінін атап өтті. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1202524?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді