
Акимат аппаратының мамандары Қаратал ауданының УИП аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Тажинов С.Б.-мен бірлесіп «Эдем», «Адека», «Диана» және «Радуга» сауда нүктелері мен кафелеріне тексеру жүргізді.
Тексеру барысында заң талаптарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Кәсіпкерлерге кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар келушілер мен қызметкерлерге ақпараттық жадынамалар таратылды.
Жастардың қауіпсіздігі мен денсаулығы – ортақ міндетіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-eskeldi/press/news/details/1202781?lang=kk

Жауап қалдыру