
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Ескелді ауданы, ауылдық, қалалық округ әкімдерінің аппараттарында және аудандық бөлімдерде 2026 жылғы 4-29 мамыраралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:
1) мемлекеттік мекеменің қызметінеқатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерібойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: Аденова Салтанат Амангелдіқызы, телефон нөмірі8 771 413 5351.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-aldarbergenov/press/news/details/1202895?lang=kk

Жауап қалдыру