Медициналық ұйымда медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекцияны анықтау критерийлері тақырыбында семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

БҮГІН, 17 сәуірде, 2025 жылғы 29 желтоқсанда N178-Ө бұйрығымен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспары шеңберінде Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімі “Медициналық ұйымда медициналық көмек көрсетумен байланысты инфекцияны анықтау критерийлері» тақырыбында қалалық, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен мамандары үшін ZOOM режимінде семинар ұйымдастырып, өткізді.

Семинарды Департаменттің бөлім басшысы Ләззат Секербаева семинар қатысушыларын Қарағанды облысының 2026 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық көмек көрсетуге байланысты жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жағдайымен, сондай-ақ таралудың жаһандық сипатына, пациенттердің денсаулығы мен мемлекет экономикасына кері әсеріне байланысты негізгі қауіп төндіретін МККБИ анықтау критерийлері бойынша таныстырды.
Бұдан басқа, инфекциялық бақылауға қатысты – бұл медициналық ұйымдарда МККБИ пайда болуы мен таралуының алдын алуға бағытталған ұйымдастыру, санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-алдын алу іс-шаралары жүйесіне қатысты мәселелерге тоқталып өтті.

Денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайларға ден қоюға дайындықтың негізгі компоненттері және халықаралық медициналық санитариялық қағидалар тетіктері шеңберінде елдің негізгі қабілеттерін нығайту бойынша ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1202915?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді