Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жолдауды ретке келтіру мәселесі бойынша дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Астана қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылғы 16 сәуірде ведомствоаралық өзара іс-қимылды оңтайландыру, өтініштерді қарау мерзімдерін қысқарту, сондай-ақ оларды құзыретіне жатпайтын жағдайларда жолдау фактілерін болдырмау мақсатында мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 65-бабына сәйкес жолдауды ретке келтіру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді.

         Дөңгелек үстел барысында Департаментпен жеке және заңды тұлғалардың ведомстволық бағыныстылығына сәйкес келмей Департаментке жолданған өтініштері бойынша ақпараттық материал ұсынылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің прокурорының аға көмекшісі Е.Ө.Төретай қатысушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің өтініштерді жолдау, мерзімдерін ұзарту және қарау бөлігіндегі талаптарын түсіндірді.

          Талқылау барысында мемлекеттік органдармен проблемалық өтініштер, олардың мәні мен туындау себептері, сондай-ақ оларды қайта жолдау кезінде туындайтын мәселелер қаралды.

          Іс-шара қорытындысы бойынша өтініштерді мемлекеттік органдардың белгіленген құзыретіне сәйкес уақтылы әрі дұрыс жолдау, сондай-ақ оларды қарау кезінде бұзушылықтарға жол бермеу мәселелері бойынша тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды.         

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-astana/press/news/details/1203296?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді