
Қоғамдық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті нығайту-бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Бұл бағытта елімізде жүйелі жұмыстар жүргізіліп, өңірлерде нақты іс-шаралар арқылы жүзеге асуда. Соның дәлелі-Жетібай ауылы аумағында өткен ауқымды сенбілік.
18 сәуір күні Қарақия ауданына қарасты аталған елді мекенде аудан әкімі Сымбат Төретаевтің қатысуымен ұйымдастырылған тазалық шарасы жоғары деңгейде өтті. Ауқымды сенбілікке 300-ден астам тұрғын белсенді түрде жұмылдырылып, елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсартуға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, арнайы 15 техника тартылып, нәтижесінде 120 текше метрден астам тұрмыстық қалдықтар шығарылды.
Бұл игі бастама-тек бір күндік науқан емес, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында экология мәселесіне айрықша мән беріп, «Таза Қазақстан-әр азаматтың жауапкершілігі» екенін атап өткен болатын. Президенттің осы ұстанымы бүгінде еліміздің барлық өңірінде нақты істермен көрініс тауып келеді.
Жалпы, Қарақия ауданы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түрлі сенбіліктер, көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде іске асырылуда. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының табиғатқа деген жанашырлығын арттырып қана қоймай, болашақ ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдыруға негіз болуда.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1204142?lang=kk

Жауап қалдыру