
Астана қаласындағы №1 Индустриалды парк аумағында апта сайынғы экологиялық акция өтті.
Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Экологиялық жиынға шамамен 50-дей кәсіпорын қызметкері қатысып, индустриалды парк аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.
«Біз үшін тек кәсіпорын аумағын ғана емес, оның айналасын да таза ұстау маңызды. Мұндай акциялар ұжымды біріктіріп, қоршаған ортаға қамқорлық – ортақ жауапкершілік екенін еске салады», – деді ұйымдастырушы Алмат Әлімбайұлы.
Айта кетейік, 18 сәуір күні қала бойынша тазалық акциялары ұйымдастырылып, аумақтарды санитарлық тазалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Қоқыс шығарылып, саябақтар, скверлер, тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ бизнес нысандары мен қоғамдық тамақтану орындарына іргелес аумақтар ретке келтірiлуде.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаАула @TazaQazaqstan

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1204394?lang=kk

Жауап қалдыру