Кене энцефалитінің алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кене энцефалиті – қызбамен, интоксикациясымен және орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталатын табиғи ошақты жұқпалы ауру.

Кене шаққан кезде:

  • кенені абайлап алу керек, себебі кенеде болатын қоздырғыштар зақымдалған тері арқылы ағзаға енуі мүмкін;
  • кенені бөлшектемей алу маңызды, теріде қалған кененің бөліктері қабыну мен ірің тудыруы мүмкін;
  • кенені алу үшін және кене шаққан соң иммуноглобулинді енгізу үшін міндетті түрде медициналық ұйымға жүгіну қажет. Иммуноглобулинді кене шаққан күннен бастап 3 күн ішінде алған жөн.

Аурумен күресудің ең тиімді, сенімді әдісі – кене энцефалитіне қарсы екпе алу.

Вакцинация демалыс, туризм мақсатында эндемиялық аумақтарға баратын және кәсіби қызметпен аумаққа келген жұмысшыларға, сондай-ақ эндемиялық аумақта тұратын халыққа жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1204535?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді